Халықты қашырмау керек деп дінді бұрмалауға болмайды.
Белгілі дінтанушы, ұстаз Данияр Кенжеұлы Нұрлан имамға шүйлікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтуынша оның айтып жүрген пәтуалары шариғатқа сай емес.
"Нұрлан имам-модернизмнің артында жүрген кісі. Дін мемлекеттен бөлек. Бірақ діни алауыздықтардың болмауын қадағалап отыратын-ұлттық қауіпсіздік комитеті. Ұлттық қауіпсіздік ара-жігін айыру үшін кімнен сұрайды? Әрине діни басқармадан. Соған сенім артады. Сондықтан діни басқарманың ұстанымын да жүрген адамдарға акцент қою керек. Нұрлан имамды біз потолокка көтеріп жібердік.
Мен оның бағына да, тағына да таласқан адам емеспін. Маған десе бүкіл елдердің президенттері келіп көтерсін. Мені керек десе діни саладан шеттетіп жіберсін. Әкеміз сияқты адам. Оның жеке басында ешқандай шаруам жоқ. Аға ретінде сыйлаймын. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Дін деген ол жекеменшік нәрсе емес. Нұрлан имамдікі емес. Пайғамбарымыз бен мирасқорлардыкы. Алланыкы ол. Мирасқорлар оны қорғайды. Жүрегінде уайымы бар адамдар оны түзету керек. Нұрлан Имамға жазған 3 постымда жеке басына кірмей, қателіктерінің барлығын тізіп бердім. Мынаның бәрі шариғатқа сәйкес келмейді дедім. Сонда бұл кісіге ешкім тоқтау бермеу керек пе? Халықты қашырмау керек деп дінді бұрмалауға болмайды. 1 етеккірден кейін барып күйеуге шық деді. Ипотека ала беруге болады деді. Ол қай шариғи нормаға сәйкес келеді? Билік басындағылар Нұрлан имамға акцент бермеу керек. Акцентті ҚМДБ-ға беру керек. Дінді сайқымазаққа, күлкіге айналдыруға болмайды. Оған өз биігіңізде қалып, пәтуаға араласпаңызшы деймін", - деді ол.