$ 494.75  586.77  6.38

Конституция жобасына қатысты азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш түсті – Эльвира Әзімова

Жаңа Конституция жобасын техникалық және мазмұндық тұрғыдан пысықтау бойынша елеулі жұмыс атқарылды.

Фото: конституциялық сот
Фото: конституциялық сот

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХІ отырысы ертең өтеді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

- Жаңа Конституция жобасын техникалық және мазмұндық тұрғыдан пысықтау бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Сонымен қатар азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстардың легі жалғасуда. Бүгінгі күні олардың жалпы саны шамамен 5 мыңға жетті. Жаңа Конституция мәтіні жарияланған алғашқы 3 күннің өзінде Конституциялық комиссияға күн сайын мыңнан астам өтініш келіп түсті. Кейінгі күндері олардың саны жүздеген және ондаған деңгейге дейін төмендеді. Сонымен бірге бұл азаматтардың жаңа Конституцияға қатысты өз ұстанымдары мен көзқарастарын негізінен айқындап үлгергенін көрсетеді, - деді Эльвира Әзімова комиссияның Х отырысын қорытындылвй келе.

Оның айтуынша, жаңа Конгституция жобасы азаматтардың басым бөлігі тарапынан жоғары бағаланып, кең қолдауға ие болып отыр. 

- Ұсынылған өзгерістер қоғамның айқын сұранысын және жүргізіліп жатқан реформаларға берілген сенімді айқындайды. Біздің міндетіміз – осы ашық диалогты сақтау, шешімдердің салмақты болуын қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін ұзақ мерзімде қызмет ететін, азаматтарға сенімді құқықтық негіз болатын Ата заңды қалыптастыру. Келесі отырыс 10 ақпанда болады, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0