$ 494.63  583.22  6.42

Қуандық Бишімбаевтың халықты көзбояушылықпен алдаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Экс-министрдің жанында сол кезде Астана қаласының әкімі болған Әсет Исекешевті де көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Үшінші әйелін ұрып өлтірді деген айыппен сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сауда орындарын аралап, халықтың көңілін аулаған видеосы тарады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Экс-министрдің жанында сол кезде Астана қаласының әкімі болған Әсет Исекешевті де көруге болады. Жемқорлықпен ұсталып, алғаш рет түрмеге түскенге дейін Бишімбаев Ұлттық экономика министрі болып тұрған еді. 

Бүгінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Бишімбаевқа халық сол кезде сенім артып, азық-түліктің тым қымбаттап бара жатқанын айтып шағымданған. Халық пен экс-министрдің диалогы былай өрбиді. 

-- Ұнның бағасы өсті ме, бұрын қанша еді? - деп сұрайды Бишімбаев. 
-- Келісін 180 теңгеден алатын едік, қазір 220 теңге болды 
-- Қант қанша болып жатыр?
-- 380 теңгеден сатылып жатыр
-- Көкеністің бағасы қалай болып жатыр?
-- Әне қараңыз, алмалар 350 теңгеден, қызанақ 450 теңгеден...
-- Гречканың бағасы қалай? Еттің келісі қанша?
-- Еттің келісі 1100 теңге, күнде қосылып жатыр, не қылған тоймайтын адамдар, - дейді тұрғындар. 

Кездесудің соңында Бишімбаев халыққа азық-түліктің бағасын реттейтінін айтып, уәде берген. Алайда арада біраз уақыт өткенде өзі жемқорлықпен ұсталып, сотталып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0