$ 494.75  586.77  6.38

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды (ВИДЕО)

Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Фото: Ақтөбе облысы ПД
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0