11.02.2026, 11:35

Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды 

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.