$ 490.58  584.77  6.34

«10 мотоцикл, 2 млн рубль»: Нұрлан Сабыров қылмыстық жауапқа тартыла ма?

Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың ресейлік «Вагнер» жасағына қолдау көрсеткені туралы ақпарат тараған.

Фото: Maksim Konstantinov/Global Look Press
Фото: Maksim Konstantinov/Global Look Press

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары бұл мәселеге қатысты сұраққа жауап беріп, жағдайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті зерделеп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың ресейлік «Вагнер» жасағына қолдау көрсеткені туралы ақпарат тараған. Айтылады, комик әскери құрылым өкілдеріне 10 эндуро-мотоцикл сыйлап, соғыс қорына 2 млн рубль аударған.

Заңгерлер бұл әрекеттер расталған жағдайда Қылмыстық кодекстің 170-бабы («Жалдамалы жeндеттік») бойынша іс қозғалуы мүмкін екенін айтуда. Аталған бап 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сондай-ақ, бұған дейін Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0