11.02.2026, 15:10

«10 мотоцикл, 2 млн рубль»: Нұрлан Сабыров қылмыстық жауапқа тартыла ма?

Фото: Maksim Konstantinov/Global Look Press

Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың ресейлік «Вагнер» жасағына қолдау көрсеткені туралы ақпарат тараған.

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары бұл мәселеге қатысты сұраққа жауап беріп, жағдайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті зерделеп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың ресейлік «Вагнер» жасағына қолдау көрсеткені туралы ақпарат тараған. Айтылады, комик әскери құрылым өкілдеріне 10 эндуро-мотоцикл сыйлап, соғыс қорына 2 млн рубль аударған. Заңгерлер бұл әрекеттер расталған жағдайда Қылмыстық кодекстің 170-бабы («Жалдамалы жeндеттік») бойынша іс қозғалуы мүмкін екенін айтуда. Аталған бап 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сондай-ақ, бұған дейін Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.