$ 491.88  585.83  6.36

Димаш, Дәулет, Дина: Шымкентте үшем дүниеге келді

Үшемнің салмағы әрқайсысы екі келіден асты.

Фото: Шымкент перинаталдық орталығы
Фото: Шымкент перинаталдық орталығы

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Ақшолпан Сүлейменова дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа туған нәрестелерге ата-анасы Дәулет, Димаш және Дина деген есімдерді қойды. Үшемнің салмағы әрқайсысы екі келіден асты. Екінші және үшінші нәрестелер туғаннан кейін бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, жағдайлары тұрақтанған соң бір тәуліктен кейін негізгі бөлімшеге ауыстырылды. Барлық үш нәресте орталық мамандарының бақылауында 11 тәулік болып, қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық медициналық көмек алды. Шығарылу кезінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйіне жіберілді, деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. 

Айта кетейік, отбасында бұған дейін төрт бала тәрбиеленген, ал үшемнің дүниеге келуімен балалар саны жетіге жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0