$ 490.58  584.77  6.34

Шымкентте 10 жасар баланың үстіне ағаш бұтағы құлап, көз жұмды

Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайды растады. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

11 ақпан күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ағаш бұтасы құлап, 10 жастағы баланы мерт қылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайды растады. 

Куәгерлердің айтуынша, қалың қардан Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласындағы ағаштың бір бөлігі сынып, баланың үстіне құлаған. Ауыр жарақат алған бала жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдай болған жерде жедел қызмет өкілдері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алайда ресми органдар әзірге ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0