$ 490.58  584.77  6.34

БҚО-да 11 айлық бала көз жұмды

Қосымша қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілер байқалғанымен, зертханалық зерттеу нәтижесінде диагноз расталмады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысында 11 айлық бала шетінеп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ұл бала медициналық ұйымға бастапқыда басқа негізгі диагнозбен ауыр жағдайда түскен.

Қосымша қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілер байқалғанымен, зертханалық зерттеу нәтижесінде диагноз расталмады.

Науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, жүргізілген ем-шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкін болмады. Қазіргі уақытта жағдай бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#БҚО #шетінеу