13.02.2026, 17:00

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер қаза тапты

Фото: Pixabay

Өртті сөндіруге 10 қызметкер және екі техника жұмылдырылды. 

Жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабар СҚО ТЖД-ның кезекші бөліміне 12 ақпан күні таң ата түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранған, хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Өртті сөндіру барысында үй иесі – 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 10 қызметкер және екі техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Тегтер: СҚО зейнеткер