Сондай-ақ сот шешімімен Кемеловадан Нұрлыбекованың пайдасына 500 миллион теңге өндірілді.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Бишімбаевтар әулетінің туысы Бекзат Кемеловаға қатысты шешім шығарыды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Алмира Нұрлыбекова өз туысын 1 миллион доллар ақшамды жымқырды деп айыптаған еді.
Аталмыш іс бойынша сот айыпталушы Бекзат Кемелованы кінәлі деп танып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ күдіктінің мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Алайда сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты, жаза 1 жылға кейінге шегерілді.
Сондай-ақ сот шешімімен Кемеловадан Нұрлыбекованың пайдасына 500 миллион теңге өндірілді.
"Кемелованың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің және куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Сот дәлелдемелердің жиынтығын осы қылмыстық іс бойынша Кемелованы кінәлі деп тануға жеткілікті деп есептейді", – деді судья.
Ал айыпталушы Бекзат Кемелова сот шешімімен келіспейтінін, кінәсі толық дәлелденбегенін алға тартты.