16.02.2026, 10:00

Әйел баласын арбаға отырғызып, курьер болып нәпақа тауып жүр

Фото: видеодан скрин

Оның айтуынша, әйел жеңіл жол іздемей, маңдай терімен бала-шағасын асырап жүр.

Алматы қаласында баласын арбаға отырғызып, жаяу курьер болып жұмыс істеп жүрген ананың видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кадрларда әйелдің бір қолымен баласы отырған арбаны итеріп, екінші жағында тапсырыстар салынған термосөмкені арқалап бара жатқаны байқалады. Қыс мезгіліне қарамастан, ана күнкөріс қамымен көшеде еңбек етіп жүргені көпшіліктің жүрегін елжіретті. Видео авторы бұл көріністің өзін қатты әсерлендіргенін айтып, ананың табандылығы мен адал еңбегін ерекше атап өткен.

Оның айтуынша, әйел жеңіл жол іздемей, маңдай терімен бала-шағасын асырап жүр. Желі қолданушыларының бірі ананың қайсарлығына тәнті болса, енді бірі мұндай жағдайға жеткізген әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Тегтер: ақша тап арба