16.02.2026, 16:00

ҰҚК Нұрлан Сабуровтың қатысуымен түсірілген видеоға тексеріс жүргізуде

Фото: Видеодан алынған кадр

Сонымен қатар, ведомство тексеріс жүргізу мерзімі мен оның ықтимал нәтижелерін нақтыламады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тарап жатқан бейнероликке тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясына.

Сонымен қатар, ведомство тексеріс жүргізу мерзімі мен оның ықтимал нәтижелерін нақтыламады.

Сөз комиктің ұрыс қимылдарына қатысып жатқан «Вагнер» жеке әскери компаниясының бөлімшесіне 10 мотоцикл бергені туралы айтқан видеоролигі жайында. 

Бірқатар z-пабликтердің жазуынша, видео 2025 жылдың шілдесінде Истра қалалық округінің басшысы Татьяна Витушеваның Telegram-арнасында жарияланған және 9 ақпанда, яғни Сабуровқа қатысты дау күшейгеннен кейін өшірілген. Жазбаны қолдан жасалған немесе жасанды интеллект көмегімен жасалған деп көрсету әрекеттеріне қарамастан, Factcheck.kz оның шынайылығын растады.

Әзілкештің депортациясы аясында әлеуметтік желілерде кең ауқымды сын толқыны басталды. Пайдаланушылар оның қазақтар, тіл және әйелдер туралы айтқан ескі әзілдерін қайта еске түсірді. Атап айтқанда, «Что было дальше?» шоуындағы сөздері қоғамда үлкен резонанс тудырған. 2022 жылы АҚШ-тағы гастрольдері кезінде Сабуровтың концерттері соғысқа қарсы акциялармен қатар өткен еді.

Бұдан бөлек, Сабуров бұған дейін Ресейде көші-қон режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. 2025 жылдың мамыр айында ол елде рұқсат етілген мерзімнен артық болғаны үшін айыппұл төлеген.