16.02.2026, 23:30

Атырауда тұрғын үйде қолына ара ұстаған ер адам жұртты шошытты

Фото: видеодан скрин

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды анықтады.

Атырауда тұрғын үйде қолына ара ұстаған ер адам жұртты шошытты. Оқыс оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 ақпан күні сағат 23:40 шамасында Береке мөлтек ауданы аумағындағы тұрғын үйдің алдында және кіреберіс дәлізінде ер адамның оғаш қимылы туралы 102 арнасына хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды анықтады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, аталған азаматтың уытқұмарлық масаң күйде болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, іс құжаттары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.