$ 491.97  583.77  6.39

«Бәйтерек» компаниясында қонақүйде шай ішетін қызметкерлер бар ма?

«Қонақүйде шай ішетіндер бар ма?» Президент сынынан кейін «Бәйтерек» төрағасы жауап берді.

Фото: baiterek.gov.kz
Фото: baiterek.gov.kz

Мемлекет басшысы бұған дейін ұлттық компаниялардағы кадр тәртібін сынға алған еді. Президент кейбір қызметкерлердің жұмыс уақытында қонақүй жағалап, шай-кофе ішіп жүретіні туралы әңгіме барын айтып, кадр мәселесін қайта қарау қажет екенін ескерткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осы сыннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин холдинг қызметкерлеріне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша холдинг нәтижелері 2023 жылмен салыстырғанда шамамен үш есеге өскен. Бұл көрсеткішті Мемлекет басшысы да атап өтіп, холдинг жұмысының экономика өсіміне қосқан үлесін жоғары бағалаған.

Қарағойшин ұжымның тұрақты түрде қарқынды жұмыс істейтінін жеткізді. Тіпті кей жағдайда қызметкерлер артық жұмыс істеуге мәжбүр болатынын да жасырмады. Сондықтан кадрлардың бос отырып, уақыт өткізуі туралы пікірмен келіспейтінін айтты.

«Қызметкерлердің қонақүйде шай-кофе ішіп жүргенін көрген емеспін. Өзім де үнемі кеңседемін», – деді холдинг басшысы. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау да ғимарат ішінде арнайы бөлінген орындарда жүргізілетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0