Қазір тұрғындар коммуналдық қызметтер суды дер кезінде сорғызып, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын жеделдетеді деп үміттенеді.
Ақтөбеде күннің күрт жылынуымен бірге қар жаппай еріп, қала көшелерін қызыл су басты. Қазірдің өзінде бірқатар шағын аудандарда аулалар мен жолдарды су алып, тұрғындар үшін қатынау қиынға соғып отыр. Көлік қозғалысы баяулап, жаяу жүргіншілер аяқ алып жүру мүмкін болмай қалғанын айтады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда көшелердің көлге айналып, тұрғындардың су кешіп жүргені анық көрінеді. Кей жерлерде тротуарлар толық су астында қалып, балалар мен қарттардың жүріп-тұруы тіпті қиындаған. Мамандар алдағы күндері тасқын қаупі күшеюі мүмкін екенін ескертіп отыр, өйткені тұрақты жылымық еріген қар суының көлемін еселей түседі. Алайда жыл сайын қайталанатын бұл көрініс қаладағы су бұру жүйесінің әлсіздігін көрсетіп, әкімдік тарапынан нақты әрі жүйелі дайындықтың болмағанын аңғартады. Қазір тұрғындар коммуналдық қызметтер суды дер кезінде сорғызып, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын жеделдетеді деп үміттенеді.