18.02.2026, 18:20

Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болғандар туралы адам шошырлық ақпарат шықты

Фото: видео скриншот

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева олардың туған ағайынды екенін және есірткіге тәуелді екенін мәлімдеді.

Тараз қаласында автобус аялдамасында 13 жастағы мектеп оқушысын ұрлауға оқталған деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева олардың туған ағайынды екенін және есірткіге тәуелді екенін мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі ер адамның көлікпен келіп, қызды күшпен алып кетуге тырысқан сәті түсірілген бейнежазба тараған. Оқиға куәгерлері бірден полиция шақырған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдіктілер жедел анықталып, ұсталды.