19.02.2026, 15:40

Қалқанша безінің түйінді түзілімдерін емдеудіңбірегей әдісі КІҒЗИ пациенттеріне операциясызсауығуға мүмкіндік береді

Фото: дереккөз

Радиожиілікті абляция – қалқанша безі түйіндерінхирургиялық операциясыз емдеудің заманауи әдісі.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Қалқанша безінің түйінді түзілімдерін емдеудегі минималды инвазивті технологиялар» атты мастер-класс өтті. Профессор Хван Ён Джиннің (Сеул, Оңтүстік Корея) қатысуымен 6 науқасқа қалқанша безіне радиожиілікті абляция жасалды, деп жазды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ең жас пациент 26 жаста. Алматы қаласының тұрғынына қалқанша безінің оң бөлігінде көлемі 4,4 см болатын уытты емес біртүйінді зоб диагнозы қойылған. Бұл – ірі түзілім болып саналады және мойын ағзаларын қысу қаупіне байланысты көп жағдайда хирургиялық емдеуді талап етеді. 56 жастағы Алматы облысының тұрғынында қалқанша безінің екі бөлігінде көлемі 4,3 см болатын уытты емес көптүйінді зоб анықталған. Пациенттерді тыныс алудың және жұтынудың қиындауы, тамақ ішу мен су ішу кезінде жайсыздық, ауырсыну, тамақта бөгде зат тұрғандай сезім, жыбырлау және жөтел белгілері мазалаған.

Радиожиілікті абляция – қалқанша безі түйіндерінхирургиялық операциясыз емдеудің заманауи әдісі. Процедура барысында ісік тініне арнайырадиожиілікті ток әсер етіп, патологиялық жасушаларжойылады. Бұл ретте қалқанша безінің сау тіндерізақымданбайды.

Клиниканың интервенциялық хирургі Арман Ибраевтың айтуынша, қалқанша безіне абляция жасаужергілікті анестезиямен жүргізіледі, жалпы наркоз қажет емес. Пациент айтарлықтай жайсыздықсезінбейді.

Процедура 30 минуттан астам уақытқа созылуымүмкін, кей жағдайда күрделілігіне байланысты бірсағаттан асады. Алайда аталған технологиямен 20 жылға жуық уақыт айналысып келе жатқанпрофессордың жоғары кәсібилігі мен шеберлігініңарқасында ем-шаралар бірнеше минут ішінде жылдаморындалды.

Эндокринологтарға арналған мастер-кластаМоңғолия, Корея және Қазақстандағы тәжірибеге негізделген қалқанша безінің радиожиілікті абляциясының тиімділігінің клиникалық жағдайларыталқыланды. Қатысушыларға сертификаттар берілді.

Қалқанша безінің қатерсіз түйінді түзілімдерін емдеудің бірегей әдісін енгізу – радиожиілікті абляцияны енгізу институт пациенттеріне хирургиялық араласусыз түйіндерден арылуға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қатерсізтүйіндерді емдеудің инновациялық, жоғары тиімді, аз инвазивті әдістері пациенттерге МӘМС жүйесіаясында қолжетімді.