19.02.2026, 15:50

Қарағанды тұрғындарын белгісіз жарық шошытты

Фото: видеодан скрин

Бейнежазбаны жолдаған тұрғынның айтуынша, кадрларда аумақты кенеттен жарық нұрға бөлеген алапат сәуле анық көрінеді.

Қарағанды қаласының Майқұдық шағынауданында бейнебақылау камерасы белгісіз отты жарқылды тіркеді. Оқиға 2026 жылғы 19 ақпанда таңғы сағат 05:49 шамасында болған.

Бейнежазбаны жолдаған тұрғынның айтуынша, кадрларда аумақты кенеттен жарық нұрға бөлеген алапат сәуле анық көрінеді. Жарқылдың пайда болу сипаты мен нақты себебі әзірге белгісіз. Мамандар құбылыстың табиғи не техногендік факторға қатысы бар-жоғын анықтауға кіріскен. Таңғы тыныштықты бұзған тосын жарық жергілікті халық арасында алаңдаушылық туғызды.

Әдеттегідей, төтенше жағдайға қатысты ресми түсіндірме беруде жергілікті әкімдік тағы да жеделдік таныта алмады.

Видео: @rec_krg