20.02.2026, 09:00

Сарыөзекте оқушылар батпақ кешіп мектепке барып жүр

Фото: видеодан скрин

Әкімдік тарапынан мәселені созбалаңға салып, тұрғындардың қауіпсіздігін кейінге ысыру жауапкершіліктен жалтарумен тең.

Сарыөзек кентіндегі Алтынемел көшесінің қазіргі ахуалы тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Оқырман жолдаған видеода көше бойының түгелге жуық балшыққа айналғаны анық көрінеді. Қоғалы өткелінен асқаннан кейін Малайсары көшесіне дейін бірде-бір тротуар жоқ, жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылмаған. Соның салдарынан мектепке қатынайтын балалардың аяқ киімі балшыққа малынып, сабақтан қайтқанда үсті-басы кір болып келеді.

Тұрғындардың айтуынша, трассамен жүру де қауіпті көлік үздіксіз ағылып жатыр. Егер автопарк тұсынан бастап тротуар салынса, мәселенің бір ұшы шешілер еді. Болмаса, ең болмаса уақытша болса да құм-тас төгіп, жаяу жүргіншілерге жағдай жасау қажет деген ұсыныс айтылады.

Жергілікті халық күнделікті қатынайтын көшенің мұндай күйде жатуы инфрақұрылымға салғырт қараудың айқын көрінісі.

Әкімдік тарапынан мәселені созбалаңға салып, тұрғындардың қауіпсіздігін кейінге ысыру жауапкершіліктен жалтарумен тең.

Видео: insta- @saryozek_insta

Тегтер: мектеп оқушы