20.02.2026, 09:10

Таразда асфальттар опырып қалған

Фото: видеодан скрин

Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай қар ерігеннен кейін байқалған, ал тұрғындар мұндай көрініс қаланың өзге бөліктерінде де бар екенін алға тартып отыр.

Тараз қаласында мешіт маңындағы жол жабыны опырылып, асфальттың астында қуыс пайда болғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. 

Жарияланған кадрларда жолдың бір бөлігі шөгіп, ортасы үңірейіп жатқанын көруге болады, бұл жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері үшін нақты қауіп төндіреді.

Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай қар ерігеннен кейін байқалған, ал тұрғындар мұндай көрініс қаланың өзге бөліктерінде де бар екенін алға тартып отыр.

Пікір қалдырған азаматтардың бірі Жамбыл даңғылы бойында, Төле би мен Қазыбек би көшелерінің аралығында да асфальт шөгу деректері тіркелгенін жазған.

Қаланың орталық аумағында жолдың бұлайша опырылуы – инфрақұрылым сапасына жауапты мекемелердің жұмысында жүйелі мәселе барын аңғартады.

Әкімдік қала жолдарының сапасын бақылауды күшейтіп, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына нақты жауап бермейінше, мұндай олқылықтар қайталана беруі әбден мүмкін.

Тегтер: асфальт Тараз