Әншінің бұл жазбасына Софьяның өзі де жауап берді.
Әлемге әйгілі әнші Николь Шерзингер Италияда өткен Олимпиада ойындарындағы өнерінен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер әлеуметтік желідегі парақшасында Софьяның өнер көрсеткен сәтін жариялап, оның бағдарламасына тәнті болғанын жазды.
Сондай-ақ әнгілі әнші Софьяның еркін бағдарламасында пайдаланылған Эндрю Ллойд Уэббердің “Сансет бульвары” мюзикліндегі әнді орындауы арқылы танымал екенін де айта кеткен жөн.
“Олимпиада 2026 ойындарында “Сансет бульвары” бағдарламасымен өнер көрсеткен Қазақстаннан Софья Самоделкинаға рақмет”, – деп жазды Шерзингер.
Әншінің бұл жазбасына Софьяның өзі де жауап берді.
“Құдайым! Керемет музыка үшін рақмет! Мен сені жақсы көремін”, – деп жазды қазақстандық спортшы эмоцияға беріліп.