$ 489.17  576.63  6.38

Жамбыл облысында жас ана көз жұмды: Тексеріс басталды

Тергеуге Салтанат Нышанбайдың қайтыс болуы себеп болған.

Фото: Салтанат Нышанбайдың жеке мұрғатынан
Фото: Салтанат Нышанбайдың жеке мұрғатынан

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында болған ана өлімі дерегіне байланысты жоспардан тыс тексеріс бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы

Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменті мәлім еткендей, тексеріс Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына қатысты жүргізілуде. Тергеуге Салтанат Нышанбайдың қайтыс болуы себеп болған.

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Тексеру аясында медициналық көмектің барлық кезеңінде медицина қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Бақылау шараларының қорытындысы бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданады, - деп хабарлады Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облыстық департаменті.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық этика талаптарының бұзылуына мүлде төзбеушілік қағидатын ұстанатынын атап өтті.

Тексеру нәтижелері туралы қоғамға қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0