21.08.2014, 02:48

Елімізде алдағы күндері ыстық ауа райы сақталады

Сурет: ntv.ru

Қазақстанда алдағы күндері қатты ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метео қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, нормадан 5…10º жоғары температурамен қалыптан тыс ыстық ауа-райы Қазақстанда жақын арадағы үш күнде сақталады.

«Республиканың барлық дерлік аумағында ауа-райы жауын-шашынсыз, күндізгі температура +30…+38º, оңтүстікте +34…+42º болады. Батыс облыстарда кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін болғанмен, +30…+40º ыстық мұнда да сақталады», делінген хабараламада.