21.02.2026, 15:30

Қазақтың «Ұлттық Ұлан» хоры ресейлік шоуда қазыларды таң қалдырды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Қазылардың көбі алғашқы минуттардан-ақ орындарынан тұрып, құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы хоры ресейлік танымал «Ну-ка, все вместе!» музыкалық шоуында өнер көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасын таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әскери әртістер күтпеген шешім қабылдап, аңызға айналған Linkin Park тобының әнін орындады. Қуатты дауыс, эмоциялық серпін және ерекше хорлық аранжировка залдағы атмосфераны бірден өзгертті.

Қазылардың көбі алғашқы минуттардан-ақ орындарынан тұрып, құрмет көрсетті.