$ 494.66  581.87  6.43

Әйгілі Джеки Чан Михаил Шайдоровты құттықтап, сыйлық жасады (ВИДЕО)

Михаил Шайдоров мұз айдынына кунг-фу панда бейнесінде шықты.

Фото: © Tim Clayton / Contributor / Corbis Sport / Gettyimages.ru
Фото: © Tim Clayton / Contributor / Corbis Sport / Gettyimages.ru

Джеки Чан Италияда өткен гала-концерттен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа екі ойыншық панда сыйлады. Спортшы «Кунг-фу панда» мультфильміндегі кейіпкер образында өнер көрсеткен. Оқиға видеосын Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бұл бәрі күтпеген жерден болды. Мұз айдынына келгенімде, мұнда Джеки Чанның да отырғанын білдім. Әрине, ең алдымен онымен суретке түсу үшін жүгіріп бардым. Ол мені құттықтады. Мен оған гала-бағдарламамды міндетті түрде көруі керегін айттым. Ол келісіп, соңына дейін қалатынын жеткізді», – деді Шайдоров.

Чемпионның айтуынша, панда костюмінде өнер көрсету оңай болмаған. «Оның ішінде жай ғана тұрудың өзі қиын. Өте ыстық. Ал секіру – бөлек әңгіме. Костюм үлкен әрі жеңіл болғандықтан, кез келген қимылда жан-жаққа тербеліп кетеді», – деді мәнерлеп сырғанаушы.

Мәнерлеп сырғанау жарыстары дәстүрлі түрде турнирдің үздік қатысушылары қатысатын көрсетілім бағдарламасымен аяқталады. Бұл – жарыстан тыс бөлім болып саналады, онда спортшылар мерекелік гала-шоу форматында әсерлі әрі жарқын нөмірлерін ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0