Осы жайтқа қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті ресми түсінік берді.
Бүгін таңғы уақытта Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағында адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Осы жайтқа қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті ресми түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, полицияға суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.
– Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.