23.02.2026, 14:30

Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.

Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.