Осыған байланысты ол ер азаматтарға халал дәмханадан үстел алдын ала брондап, ауызашарды отбасы ортасында өткізуді ұсынды.
Имам Тимур Алиев қазақстандық ер азаматтарға Рамазан айында ауызашарды ең алдымен отбасы мүшелерімен – жұбайы мен балаларымен бірге өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Имамның сөзінше, мұндай дәстүр отбасындағы байланысты нығайта түседі.
“Рамазанда бауырлар бірін-бірі ауызашарға жиі шақырады. Кафелерде, үйлерде жиналады. Болмаса, мешіттердегі ауызашарларда уақыт өткізеді. Ал осы кезде отбасы назардан тыс қалып жатады. Сырттай қарағанда мәселе үлкен емес, күйеуі харам нәрсе істеп жүрген жоқ. Бірақ маған әлеуметтік желідегі жеке хаттарға әйелдерден осы жайлы өте көп сұрақ келеді – бұл олардың жанайқайы”, – деді Тимур Алиев.
Осыған байланысты ол ер азаматтарға халал дәмханадан үстел алдын ала брондап, ауызашарды отбасы ортасында өткізуді ұсынды.
“Маған сеніңіздер, бұл сіздердің арақатынастарыңызға жақсы әсер етеді”, – деді имам.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары үшін биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталды. Қадір түні 16-сынан 17-сіне қараған түні өтеді. Ал 20 наурыз күні Ораза айт мерекесі атап өтіледі.