24.02.2026, 12:00

Шымкентте жұмысшы терезеден құлап мерт болды

Фото: egemen.kz

Ол көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балконды қаптау жұмыстарын жүргізіп жүрген. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жөндеу жұмыстары барысында ол абайсызда құлап кеткен. Ауыр жарақатының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.