$ 497.33  586.7  6.48

Ет неге 12 мың болуы керек? Министр фермердің мәлімдемесіне жауап берді

апаровтың сөзінше, мемлекет ішкі нарықтағы тұрақтылықты басты назарда ұстайды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Желіде «еттің келісі 10-12 мың теңге болуы тиіс» деген пікір қызу талқыланып жатыр. Мұндай бағаны фермерлердің бірі айтқан. Осыған байланысты Үкіметте өткен брифингте журналистер ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан еттің әділетті бағасы қандай болуы керегін сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, аталған сома ішкі нарыққа емес, экспортқа бағытталған баға. Яғни, 10-12 мың теңге – шетелге сатылатын еттің құны. Ал Қазақстан ішіндегі баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.

Сапаровтың сөзінше, мемлекет ішкі нарықтағы тұрақтылықты басты назарда ұстайды. Сондықтан фермерлер айтқан экспорттық бағаны ел ішіндегі саудамен шатастыруға болмайды.

Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары «экспортқа қымбат, халыққа арзан баға мүмкін бе?» деген сауалды алға тартып отыр. Ет – күнделікті тұтынатын негізгі өнім. Сондықтан оның әр теңгесі халық үшін маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0