25.02.2026, 09:00

Сербия Президенті Тоқаевтың шақыртуымен Астанаға ресми сапармен келеді

Фото: Ақорда

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

6-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.