25.02.2026, 09:35

Тоқаев Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

 

Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.