26.02.2026, 10:10

Петропавл көшесінде көлік түгелдей өртеніп кетті

Коллаж: Sn.kz

Құзырлы органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Әлеуметтік желілерде Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде түсірілген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда бір автокөлік екіншісін арқанмен сүйреп келе жатқаны көрінеді. Алайда артта келе жатқан көлік сол сәтте лапылдап жанып, қалың түтінге оранған. Жол бойына оттың ізі түсіп, қою қара түтін айналаны басқан. Куәгерлер түсірген бейнежазба оқиғаның қаншалықты қауіпті болғанын аңғартады.

«Жұмысшы жанып жатыр» деген атаумен тараған ролик тұрғындардың ашуын туғызды. Бірі мұны жауапсыз әрекет деп бағаласа, енді бірі мұндай жағдайда неге жедел қызметтер бірден араласпағанына таңданады. Өртеніп жатқан көлікті қозғалыс үстінде сүйреу – жол қауіпсіздігі талаптарына қаншалықты сай?

Оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.