26.02.2026, 12:30

Петропавлда қаңғыбас иттер көбейді: ата-аналар балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқады

Фото: YouTube

Жұртшылық тиісті мекемелерден нақты әрекет күтеді.  

Петропавл қаласында қаңғыбас иттер мәселесі қайтадан ушығып тұр. Тұрғындардың айтуынша, Подгора ауданында мектепке бара жатқан балаларға бір топ ит агрессия танытқан. Осы жағдайдан кейін ата-аналар балаларын өздері апарып, өздері қарсы алуға мәжбүр болған.

«Қашанға дейін қаңғыбас иттерді көтереміз? Олар адамдарға, тіпті балаларға шабуылдайды», – дейді тұрғындар.

Көшеде емін-еркін жүрген иттер саны артқан. Әсіресе жеке сектор аумағында қауіп күшейгені айтылады. Жұртшылық тиісті мекемелерден нақты әрекет күтеді. Видео: Instagram @vesti_sko