"Суға қатысты бір құпия бар сияқты".
Әлеуметтік желіде елге белгілі Айгүл есімді көріпкел Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты өз жорамалын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, бұл оқиғаға байланысты жақын уақытта маңызды ақпарат таралуы мүмкін. Бұған дейін де ол трагедия мен күдіктілер жөнінде тосын мәлімдеме жасаған болатын.
Бұл жолы көріпкел жоғалған отбасы мүшелерінің бірін судан іздеу қажет деген пікір білдірді.
"Менің ойымша, бір адамды судан қарау керек. Бұрын осындай айтқаным есімде жоқ. Мүмкін, алғаш жоғалған ұл баланы судан табуы мүмкін. Нақты айта алмаймын, бірақ суға қатысты бір құпия бар сияқты", – деді ол.
Қазіргі уақытта ресми органдар бұл болжамға қатысты пікір білдірген жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда.