Сондай-ақ қор өкілдері көмек көрсетуге ниетті жандар үшін арнайы реквизиттерді де ұсынған.
Әлеуметтік желіде “Маскадағы жігіт” атымен танылған қайырымды жан кезекті игі ісімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, ол 30 отбасыға баспана сыйлап, жалпы сомасы 1 миллион долларды құрайтын ауқымды көмек көрсеткен. Бұл туралы "Маскадағы жігіт" ресми парақшасында жарияланды.
Жазбада жоба авторы мұқтаж жандарға қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келе жатқанын атап өткен. Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасылар жаңа баспанаға ие болған.
Сондай-ақ қор өкілдері көмек көрсетуге ниетті жандар үшін арнайы реквизиттерді де ұсынған. Қайырымдылық жасауға Kaspi, Halyk, BCC, Mbank қосымшалары арқылы немесе PayPal жүйесі арқылы қолдау білдіруге болатыны айтылған.
Пікір қалдырушылардың бірі “Рақмет, Алла разы болсын” деп ізгі тілегін білдірген.
Айта кетейік, “Маскадағы жігіт” соңғы жылдары түрлі әлеуметтік жобалар арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамытуға үлес қосып келеді.