27.02.2026, 10:40

Ресейде Нұрлан Сабуровқа қатысты жағымсыз шешім шықты

Фото: ВКонтакте

Бұл тіркеу мерзімін өткізіп алу сияқты қарапайым әкімшілік жаза емес.

Ресейлік шоу-бизнес өкілдерін қорғап жүрген адвокат Сергей Жорин Нұрлан Сабуровтың Ресейге қайта кіру мүмкіндігіне қатысты пікір айтты. Оның сөзінше, заң жүзінде комик елге кіруге салынған тыйымды сот арқылы даулауға құқылы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда егер депортация «қауіпсіздікке қатер төндіреді» деген негізбен рәсімделсе, мұндай істің оның пайдасына орай шешілуі екіталай.

— Бұл тіркеу мерзімін өткізіп алу сияқты қарапайым әкімшілік жаза емес. Сондықтан Сабуровқа қойылған 50 жылдық тыйым — өте қатаң әрі елеулі белгі, — деді адвокат.

Сонымен қатар Жорин егер тыйым жеткілікті негізсіз немесе рәсімдік қателіктермен шығарылған болса, оны ІІМ-нің тиісті органы орналасқан аудандық сотта қайта қарауға мүмкіндік бар екенін айтты.