$ 501.75  591.96  6.52

Президент сыны: Самұрық-Қазына 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады

Оның айтуынша, Самұрық-Қазына қорының Астанадағы қызметкерлерінің саны — 6,5 мың адам.

Фото: globalnews.kz
Фото: globalnews.kz

Самұрық-Қазына қоры елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

— Біз әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерді 10 пайызға қысқартамыз. Барлық корпоративтік шешім қабылданды. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істеп жатырмыз және наурыз айының соңына дейін бұл шешім толық жүзеге асырылады деп ойлаймын, — деді ол Ақордада.

Оның айтуынша, Самұрық-Қазына қорының Астанадағы қызметкерлерінің саны — 6,5 мың адам.

— Сондықтан біз 650-дей адамды қысқартамыз, — деп нақтылады Нұрлан Жақыпов. 

Еске салсақ Президент Үкімет пен «Самұрықтың» жұмысын сынаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0