$ 497.56  586.92  6.44

Бахрейнде ирандық дрон көпқабатты тұрғын үйге соғылды (ВИДЕО)

Бірінші ғимараттан тұрғындар эвакуацияланып, өрт толық бақылауға алынды.

© REUTERS / Hamad I Mohammed
© REUTERS / Hamad I Mohammed

Бахрейнде ирандық дрондар тұрғын үйлерге шабуыл жасады. Сондай-ақ 28 ақпан күні күндіз әлеуметтік желілерде ел астанасы Манамада орналасқан АҚШ әскери-теңіз базасына жасалған соққыдан кейінгі түтіннің фото және видеолары жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тікелей мәлімдеме:

«Манамада бірнеше тұрғын үйге зақым келді. Азаматтық қорғаныс қызметі өртті сөндіру және оқиға орындарында құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр…

Ішкі істер министрлігі азаматтық қорғаныс қызметі арқылы Манама мен Мухаррактағы үш ғимаратта дрон шабуылдары және әуеде жойылған зымыран сынықтарының құлауынан келген залалды жою жұмыстарын жүргізуде. Бірінші ғимараттан тұрғындар эвакуацияланып, өрт толық бақылауға алынды».

Қосымша мәлімет:

Бахрейн Ішкі істер министрлігі түтіннен жеңіл улану дерегі тіркелгенін хабарлады.

Манамадағы тағы бір нысанда өрт сөндіру, құтқару және қауіпсіздік шаралары жалғасуда. Ал үшінші нысанда әуеде жойылған зымыранның сынықтары құлауынан келген материалдық шығын көлемі бағалануда.

Сонымен қатар, күндіз желіде Манамадағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің базасына қарасты сервистік орталыққа Иран жасаған соққыдан кейін көтерілген түтіннің фото және видеолары тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Иран #дрон