$ 497.56  586.92  6.44

«Соғыс болмайды деген араб елдерінің өзі зымыран астында» - Айгүл Орынбек

Заңгер кешелі бері болып жатқан шиеленіс туралыөз ойын білдіріп, ел Президенті туралы сөз қозғаған. 

Фото: Instagram/@aigulorynbek_kz
Фото: Instagram/@aigulorynbek_kz

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлемдегі ахуалға қатысты жазба жариялады, , деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Заңгер кешелі бері болып жатқан шиеленіс туралыөз ойын білдіріп, ел Президенті туралы сөз қозғаған. 

"Бейбітшіліктің қадірін осындай кезде түсінесің. Ешқашан соғыс болмайды деген араб елдерінің өзі бүгінде зымыран астында қалды.

Президентіміздің әр елде тынымсыз жүргізіп жатқан дипломатиялық жұмысының арқасында біз бүгін ашық аспан астында тыныш ұйықтап жатырмыз.

Иранда қыздар оқитын мектепке түскен зымыран 60 баланың өмірін қиып кетті. Шырылдаған ата-аналардың дауысы жүректі тіліп өтеді.

Әлем соғыс отына тұтанып тұрған осындай күрделі кезеңде елімізді бейбітшілік пен тұрақтылықта ұстап отырған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіремін.

Ұлт үшін атқарып жатқан еңбегіңіздің жемісін көріп отырмыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деп жазды ол. 

Айгүл Орынбектің бұл жазбасы оң пікір жинап, желі қолданушыларының ықыласына бөленді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0