02.03.2026, 16:10

Жантүршігерлік қылмыс: Астана маңында ер адам өз отбасы мүшелерін өлтіріп тастаған

Фото: Polisia.kz

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қылмыс ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын өз отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтірді. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын өз отбасы мүшелерін – әкесі мен анасын, жиенін және ағасын – аса қатыгездікпен өлтірген.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қылмыс ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД.

Полиция өкілдері тергеу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында екенін атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.