"Үшеуі де облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді".
Көкшетауда 33 жастағы әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласы өз үйінде иіс тиіп, уланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің алдын ала мәліметтері бойынша, улануға пештің жылыту жүйесіндегі ақау түрткі.
Сондай-ақ әйел пештің қосалқы қақпағын түнде тарс жауып тастаған, салдарынан көміртегі тотығы жиналған.
"Үшеуі де облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін балалар үйге жіберіледі, әйел адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.