$ 502.6  589.95  6.5

Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыста еш тарапты қолдамайды – СІМ

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның бұл ұстанымы өзгермейтінін ерекше атап өтті.

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Бақаев 2026 жылғы 3 наурызда үкіметтегі брифингте Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығысқа араласпайтынын және ешбір тарапты қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналистер әлеуметтік желілердегі пікірталастарға байланысты Қазақстанның ұстанымын түсіндіріп беруді сұрады. Онда кейбір қолданушылар елдің қазіргі қақтығыс жағдайында Таяу Шығыс мемлекеттерін Иранға қарағанда көбірек қолдайтынын айтады деген пікір білдірген.

"Шындығында, олай емес – Қазақстан үшінші мемлекеттердің істеріне араласпау саясатын ұстанды, ұстануда және одан әрі де ұстанатын болады. Сондықтан біз еш тарапты қолдамаймыз:  Иранның да, шабуылға ұшыраған мемлекеттердің де. Біз тек қана әскери қақтығыстар болмауын қалаймыз. Егер қақтығыс туындаса, оны дипломатиялық жолмен шешуді қолдаймыз. Біз халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес қақтығыстар осылай шешілуі керек деген ұстанымдамыз. Бұл барлығы халықаралық құжаттарда нақты жазылған", – деп жауап берді Бақаев.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0