Бұл Көкшетауда ағаш кесу төңірегіндегі алғашқы дау емес.
Көкшетау қаласында ағаштардың жаппай кесіліп жатқаны тұрғындардың наразылығын тудырды. Қала көшелерінде түсірілген видеода коммуналдық қызмет өкілдерінің ағаштарды бірінен соң бірін бұтап, кейбірін толық кесіп жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерде тек теректерді ғана емес, басқа да сау ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әдетте мұндай жұмыстар «кронирование» деп түсіндірілгенімен, тұрғындар «неге тек теректер ғана емес, басқа да ағаштар кесіліп жатыр?» деген сұрақ қояды. Қала халқы жасыл желектің осылай азайып бара жатқанына алаңдаулы.
Бұл Көкшетауда ағаш кесу төңірегіндегі алғашқы дау емес. Бұған дейін Абая мен Назарбаев көшелерінің қиылысында көп жылдық ағаштар кесіліп, кейін ол жерге коммерциялық нысан салынғаны қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.
Сондықтан тұрғындар бұл жолы да «тағы бір құрылыс үшін қаладағы жасыл аймақ құрбан болып жатқан жоқ па?» деп күмәнданады. Ал қала әкімдігі әзірге бұл жұмыстардың нақты себебі туралы толық түсініктеме берген жоқ.
Видео: Instagram / sinegor.kz