$ 498.09  577.34  6.41

Алматыда ерекше баланы қорлаған қызметкер қамауға алынды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Алматыда балаларды оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық Полиция басқармасы оңалту орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0