Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған.
Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін медициналық көмекке жүгінгендер саны 11 адамға дейін артты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған.
Бір бала "Семей медицина университеті" КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тағы үш бала дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.
Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінді. Олардың төртеуі университеттік нефрология орталығына жатқызылды. Екі адам тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал бір адам медициналық тексеруден бас тартқан.