$ 498.09  577.34  6.41

Кәсіпкерлерге жеңілдік береміз деп, елде өрт көбейіп кетті

Депутаттың сөзінше, бизнесті дамыту мақсатында бірқатар бақылау мен талаптар жеңілдетілген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Елде өрт оқиғаларының жиілеп кетуіне құрылыс саласындағы талаптардың тым жұмсаруы әсер еткен болуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Семейдегі ірі өртке байланысты пікір білдіріп, соңғы жылдары кәсіпкерлікке қолдау көрсету деген желеумен қауіпсіздік талаптары әлсіреп кеткенін айтты.

Депутаттың сөзінше, бизнесті дамыту мақсатында бірқатар бақылау мен талаптар жеңілдетілген. Алайда бұл қадам кей жағдайда өрт қауіпсіздігі нормаларының толық сақталмауына алып келген. Соның салдарынан елде өрт оқиғаларының саны арта түскен болуы мүмкін.

«Кәсіпкерлікке көмектесу керек деген ұранмен кей талаптарды шамадан тыс жұмсартып жібердік. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі әлсіреп қалды», – деді Абзал Құспан.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құрылыс саласында қауіпсіздік талаптарын қайта қарап, бақылауды күшейту қажет. Әйтпесе өрт қаупі сақталып қала береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0