Алматы облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Талғарда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, жылқы саудасына қатысты туындаған отбасылық кикілжіңнен кейін ер адам мерт болған. Адвокаты Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, әйелі күйеуіне ескертпестен жылқыларын сатып жіберген, содан кейін ер адам полицияға арыз түсірген.
– Жақында қайғылы жағдай болды. Ер адамды әйелі мен енесі өлтірді деген күдікке ілінді. Әйелдер ұйықтап жатқан азаматқа шабуыл жасап, оған 30-дан астам пышақ жарақатын салған деген болжам бар. Бір жанжал, бір сәттегі ашу-ыза бірнеше тағдырды бірден талқандады, – деп жазды адвокат.
Алматы облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
– Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы жасаған адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, былтыр Талғарда жантүршігерлік қылмыс болды. Бейтаныс адам ер кісіні атып, кішкентай қызды алып қашып кеткен еді.